⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы

18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы 

      1. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерi осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде айқындалған, өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекет қорғауында бола отырып билік өкiлi болып табылады, заң бойынша өздерінің құзыретіне жататын шешімдерді дербес қабылдайды және оларды орындауды жүзеге асырады. 

      2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті. 

      3. Осы Заңның талаптарын орындамау, Ұлттық ұланның өздеріне жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіру, әскери қызметшілердің абыройы мен қадір-қасиетіне тіл тигізу, әскери рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. 

      4. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде тікелей бастықтарына ғана бағынады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы