⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы 

       1. Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрi, балалар ауылы әкімшілігінің пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, балаларды тәрбиелеу әдiстерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.  

       Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрiн ескере отырып, білім беру ұйымы мен оқыту нысандарын таңдауға құқылы және балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алуына жағдай жасауға мiндеттi.  

       2. Тәрбиешi-ана өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде балалардың дене бiтiмiне және психикалық саулығына, олардың имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс. Тәрбиелеу әдiстерi балаларға енжар қараушылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, олардың адамдық абыройын кемсiтудi, ар-ұжданы мен намысын қорлауды болдырмауға тиiс.  

       3. Тәрбиешi-ана балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығы, дене бiтiмiнiң, психикасының, имандылық және рухани жағынан дамуы жөнiнде қамқорлық жасауға мiндеттi.  

       Тәрбиешi-ана отбасында имандылық-рухани және үйiшiлiк ахуал жасау жөнiндегi өзiне жүктелген мiндеттердi адал атқаруға тиiс.  

      4. Тәрбиешi-ана осы Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 4) – 11) тармақшаларында көрсетілген, өзiне берiлген құжаттар көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      5. Өз мiндетiн тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне залал келтiре отырып атқарған тәрбиешi-ана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiктi ата-аналармен бiрдей көтередi. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы. 

      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы