18-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы
Өзін-өзі реттейтін ұйымның:
1) өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін, олар өтініш білдірген жағдайда білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда олардың өкілдері болуға;
2) өзін-өзі реттеу субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
4) дауларды сотта және сотқа дейінгі шешуге, оның ішінде төрелiкке қатысуға;
5) мүшелік жарналарды жинауға және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыруға;
6) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін, мүшелерін (қатысушыларын) кәсіптік оқытуды, аттестаттау жүргізуді ұйымдастыруға;
7) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) олардың өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген ықпал ету шараларын өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолдануға;
10) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасын бұзған адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
11) өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
12) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарынан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті ақпаратты алуға;
13) өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға;
14) өзін-өзі реттеу нысанына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды реттеуші мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқығы бар.
Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның әзірленіп жатқан қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге құқығы бар.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген өзге де құқықтары бар.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы