18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы.
Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы