⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болғызбайтын шарттарда, ашық және жариялы түрде жүзеге асырады. 

      1-1. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарға конкурстық іріктеу өткізу тәртібі Кеңестің регламентімен айқындалады. 

       2. Жоғары білім деңгейі, биік моральдық-адамгершілік қасиеттер мен мінсіз бедел судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып табылады.  

      Облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілет те ескеріледі. 

      Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады. 

      Судьяның бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу Кеңес айқындайтын, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және осы Заңда көзделген талаптарға негізделген, судья лауазымдарының санаттары бойынша сараланған цифрлық және бағалау өлшемшарттарының, оның ішінде соттағы, прокуратурадағы, адвокатурадағы жұмысты ескеретін өлшемшарттардың жүйесі пайдаланыла отырып та өткізіледі. 

      3. Судья лауазымына кандидаттарды зерделеуді, сондай-ақ іріктелген кандидаттарды Кеңес отырысына шығаруды Кеңес жанындағы Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 

      Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияны қалыптастыру, сондай-ақ отырыстарын өткізу тәртібі Кеңес регламентінде айқындалады. 

      Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусын жинаған кандидат бос лауазымға орналасуға арналған конкурстың жеңімпазы деп танылады. 

      Конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялау, сондай-ақ оларды өткізу қорытындысы бойынша түсіндірмелерді жариялау Кеңес регламентінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. 

      4. Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын және конкурста жеңіске жеткен кандидат қосымша түрде міндетті арнайы тексеруден өтуге тиіс. 

      Арнайы тексеруден өтуді Кеңес аппараты ұйымдастырады. 

      Мемлекеттік қызметте үзіліссіз өтілі бар және бұрын арнайы тексеруден өткен кандидаттар кадр қызметі куәландырған тиісті анықтаманы ұсына алады. 

      Арнайы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады. 

       5. Егер арнайы тексеру қорытындылары бойынша конкурста жеңіске жеткен кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын, соның ішінде оның кейіннен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылғанын куәландыратын мәліметтер анықталған жағдайда, онда прокуратура органдары мұндай кандидаттарға қатысты қылмыстық істердің материалдарын зерделей отырып, қосымша тексеру жүргізеді, оның қорытындысы Кеңес отырысында қаралады. 

      Іріктеуден өткен және Кеңес тағайындауға ұсыным жасаған кандидатты аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына тағайындауға кедергі келтіретін негіздер болған кезде, сондай-ақ ол бос лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңес ұсыным беру туралы шешімнің күшін жояды және конкурсқа қатысқан адамдар қатарынан басқа кандидатты бос лауазымға тағайындау үшін ұсына алады. 

      5-1. Судьялыққа кандидаттар Кеңестің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін. 

      Судьялыққа кандидат тағылымдама қорытындылары бойынша соттың жалпы отырысының теріс қорытындысын алған жағдайда, Кеңестің ұсынымы қайта қаралуға тиіс. Кеңестің ұсынымын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

      Кеңес тағылымдама қорытындылары бойынша жалпы отырыстың теріс қорытындысын негізді деп таныған жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және осы бос судья лауазымына: 

      1) осы судья лауазымына конкурсқа қатысқан кандидат ұсынылуы мүмкін; 

      2) қайта конкурс жариялануы мүмкін. 

      6. Егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және: 

       1) судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін;  

       1-1) шалғай жерде орналасқан соттың конкурс қорытындысы бойынша бос қалған судья лауазымына "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 30-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам ұсынылуы мүмкін; 

      2) қайта конкурс жариялануы мүмкін. 

      7. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларына орай ұсыным жасалған адамдар туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады. 

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы