⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру  жинақтау жүйесiне қатысушылардың өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру  жинақтау жүйесiне қатысушылардың өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру  жинақтау жүйесiне қатысушылардың өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

   1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

      2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдарына мынадай талаптар қойылады:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы;

      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу.

      3. Сақтандыру шартын жасасу кезінде қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының және ол бойынша пайда алушы мен салымшы сол бір тұлға болып табылатын салым шартының жоқтығын тексереді.

      4. Әрбір сақтандыру шарты бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға пайда алушы туралы, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасының мөлшерлері, сатып алу сомасы, инвестициялық кіріс ескеріле отырып есептелген мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жазылуы мен сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

      5. Оператор пайда алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататынын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган оларды жыл сайын 1 қаңтарға қарай ұсынады.

      6. Оператор сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдары ұсынған мәліметтер негізінде осы Заңның 17-бабының 2, 3, 4 және 6-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекет сыйлықақысын есептеуді, есепке жазуды және толық есепке жазуды жүзеге асырады.

      7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушылардың пайдасына жасалған сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақысын оператордан мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепке жазады.

      8. Сақтандыру шарты арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу сақтанушының немесе пайда алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      9. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде пайда алушы немесе сақтанушы қатысушы-сақтандыру ұйымына растау құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

      10. Қатысушы білім беру ұйымы:

      1) пайда алушының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы операторды тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы хабардар етеді;

      2) сақтанушының, пайда алушының немесе қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрау салуы бойынша талап етілетін академиялық кезеңге оқу құны немесе анықтама берілетін күнге толық оқу құны туралы анықтама береді;

      3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) пайда алушы басқа қатысушы білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын қатысушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл туралы оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды хабардар етеді.

      11. Қатысушы білім беру ұйымы пайда алушының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығы болып табылады.

      12. Пайда алушы қатысушы білім беру ұйымынан оқудан шығарылған кезде білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған соманы қатысушы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына аударуға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы