Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 177-бап. Процестік шығындар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

177-бап. Процестік шығындар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

177-бап. Процестік шығындар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      Процестік шығындар:

      1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174175-баптарында көзделген тәртiппен төленетiн сомалардан;

      2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын кәсібінен қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;

      3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан;

      4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сотта өз мiндеттерiн қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;

      5) күдіктi, айыпталушы немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан;

      6) жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, ол төлейтін сомалардан;

      7) заттай дәлелдемелердi сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;

      8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;

      9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;

      10) күдікті, айыпталушы, сотталушы тергеушiге немесе сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, оларды күштеп әкелуге байланысты, сондай-ақ сотталушының сотқа дәлелді себепсіз келмеуiне не оның мас күйде келуiне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;

      11) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен өзге де шығыстардан құралады.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

571-бап. Арнайы рұқсатты қажет ететін процестік әрекеттер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

571-бап. Арнайы рұқсатты қажет ететін процестік әрекеттер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін...

Толық оқу »

557-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін процестік және өзге де әрекеттер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

557-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін процестік және өзге де әрекеттер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »