17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын филиалдары (өкілдіктері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне резиденттермен және бейрезиденттермен жасалған операциялар туралы ақпаратты есептер нысанында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша ұсынады.
Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсынуы талап етілетін қызмет түрлерін қоса алғанда, шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпаратты ұсыну тәртібі шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларында айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсыну бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленеді.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы