Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

    1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.

      2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге және іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.

      3. Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, олар жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің жауап алуға шақырылуы қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, ол жауап алуға шақырылмайды. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.

      Прокурордың, қорғаушының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.

      ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 15 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 217-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

      4. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.

      5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.зіледі.

      5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану 1. Жеке күзет қызметі басшысының...

Толық оқу »

448-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне кассациялық тәртіппен сот үкімдеріне, қаулыларына шағымданудың, наразылық білдірудің жалпы шарттары

448-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне кассациялық тәртіппен сот үкімдеріне, қаулыларына шағымданудың, наразылық білдірудің жалпы шартт...

Толық оқу »

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүргiзу...

Толық оқу »

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттарыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Код...

Толық оқу »

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төрағ...

Толық оқу »

645-бапқа түсініктеме. Алқабилердің Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары

645-бапқа түсініктеме. Алқабилердің Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттарыАлқабилер алқасын құруды аяқтағаннан кейін т...

Толық оқу »

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. К...

Толық оқу »

308-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану

308-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану 1. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асы...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерге лауазым...

Толық оқу »

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды ад...

Толық оқу »

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттарыТергеу судьясы өз өкілеттіктерін ос...

Толық оқу »

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Жекеше...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану,...

Толық оқу »

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қазақстан Республикасы ҚК лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін өкілеттіктерді жүзеге асыруы немесе шетелдік қайта ұйымдастыруы

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қаз...

Толық оқу »

217-бапқа түсініктеме. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан (айғақтарды депозитке салу) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінен жауап алу ерекшеліктері

217-бапқа түсініктеме. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан (айғақтарды депозитке салу) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінен жауап алу ерекшеліктеріПр...

Толық оқу »