17-бап. Телерадио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы
1. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, осы Заңмен "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден сағат 22.00-ге дейін телерадио хабарлары арқылы таратылмауға тиіс.
2. Тікелей эфирде трансляцияланатын радиобағдарламаларды қоспағанда, ақпараттық өнімді радио хабарлары арқылы тарату радиобағдарламаны трансляциялау басталғанда оның жас санаты туралы хабарлаумен сүйемелденеді.
3. Осы Заңның 10 – 14-баптарына сәйкес келетін ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісі көрсетіледі немесе жас санаты хабарланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы