Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 17-бап. Кредиттік рейтингтік агенттіктердің рейтингтік комитеттерінің қызметі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

17-бап. Кредиттік рейтингтік агенттіктердің рейтингтік комитеттерінің қызметі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Кредиттік рейтингтік агенттіктердің рейтингтік комитеттерінің қызметі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Рейтингтік комитеттердің шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңға және кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында белгіленеді.

      2. Кредиттік рейтингтік агенттік рейтингтік комитет мүшелерінің жиынтық білімі мен тәжірибесінің рейтинг берілетін тұлғаның салалық мамандануына, берілетін рейтингтің түріне және қолданылатын әдіснаманың өзекті нұсқасына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі құжаттарға сәйкес рейтингтік комитеттердің құрамы мен санын қалыптастырады.

      3. Рейтингтік комитеттің кредиттік рейтингтер бойынша құрамы осы рейтинг объектісі үшін жетекші рейтингтік талдаушы мен рейтингтік комитет төрағасын қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушыдан қалыптастырылады.

      4. Рейтингтік комитеттердің отырыстарында рейтингтік комитеттің төрағасын қоса алғанда, рейтингтік талдаушылардың ғана дауыс беру құқығы болады. Рейтингтік комитеттің төрағасын тағайындау тәртібі кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында айқындалады.

      5. Рейтингтік комитеттің шешімімен келіспеген кезде оған кез келген қатысушы уәжді апелляция беруге құқылы, апелляция рейтингтік комитеттің қайта өткізілетін отырысында қаралады, оның құрамы рейтингтік комитеттің алдыңғы отырысына қатыспаған рейтингтік талдаушылардан қалыптастырылады.

      6. Кредиттік рейтингтік агенттік рейтингтік комитеттердің қалыптастырылуы мен жұмыс істеуін өзінің тәуелсіздігі қамтамасыз етілетіндей, сондай-ақ қызметіне кез келген саяси және (немесе) экономикалық ықпал болмайтындай етіп жүзеге асырады.

      7. Рейтинг берілетін тұлға берілген рейтингпен және (немесе) рейтинг бойынша болжаммен келіспеген жағдайда, оның кредиттік рейтингтік агенттікке жүгінуге құқығы бар. Кредиттік рейтингтік агенттік жолданымды кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.

      Жолданымды қарау нәтижелері қайта қарауға жеткілікті болған жағдайда, шешім рейтингтік комитеттің отырысында қаралады, оның құрамы рейтингтік комитеттің алдыңғы отырысына қатыспаған рейтингтік талдаушылардан қалыптастырылады.

      8. Уәкілетті орган кредиттік рейтингтік қызметті ұйымдастыру, рейтинг беру туралы шешім қабылдау тәртібіне, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердегі рейтингтің алуан түрлері үшін рейтингтік комитеттердің ең аз құрамын қоса алғанда, рейтингтік комитеттердің жұмыс істеу тәртібіне қойылатын өзге де талаптарды белгілейді.

 

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау