Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

     ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Уәкілетті компания үлескердiң салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесiн оған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Уәкілетті компания үлескерге оның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесiн берудi салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін уәкілетті компания үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерiн беру жөнiндегi мiндеттемелерді мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және үлестің беруге дайын екендігі туралы үлескерге хат жіберуге, сондай-ақ үлескерді үлесті қабылдап алу қажеттігі туралы және үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген әрекетсіздігінің салдарлары туралы алдын ала ескертуге міндетті. Хат тапсырыс хатпен және пошта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жіберілуге немесе үлескерге қолхатпен жеке өзіне табыс етілуге тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарламасын алған үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде немесе, егер мұндай мерзім белгіленбеген болса, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қабылдауға кірісуге міндетті.

      6. Жұмыс нәтижелерін қабылдау уақытында ондағы жобалау-сметалық құжаттамадан және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан кері шегінулерді анықтаған үлескер уәкілетті компаниядан тараптармен келісілген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы