17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы
Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Аудандық соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа – "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келетін азаматтар, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген судьялар қатыса алады.
2. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақтың бірінші бөлігі 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII Заңымен.
3. Аудандық соттың судьясы және облыстық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Кассациялық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының және жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындыларын алуға тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
4. Конкурсқа қатысушылар, жалпы отырыстардың, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының өткізілетін күні туралы, сондай-ақ олар қабылдаған шешімдер туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылуға және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы