⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы 

      1. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру аяқталғанға дейін алған ақпарат демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілгені туралы куәландырса, тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы бар баяндамасының негізінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады. 

      2. Комиссия алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы негізінде дайындалған алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі. 

      3. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен ерте енгізілмейді. 

      4. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті, бірақ алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс. 

      5. Егер алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлеміндегі үлесі көп бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде алты айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. 

      6. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлеміндегі үлесі көп бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиіс. 

      7. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздердің жоқ екенін анықтаған не осы Заңның 42-бабына сәйкес демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдаған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады. 

      8. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің болуы немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады. 

      9. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің болуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың болуын анықтауға алып келген жағдайда), алдын ала демпингке қарсы баж сомалары демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы баптың  10 және  11-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Заңның  6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады. 

      10. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады. 

      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады. 

      11. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды. 

      12. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеруді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады. 

      13. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім, әдетте, тергеп-тексеру басталған күннен бастап жеті айдан кешіктірілмей қабылданады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы