17-бап. 1993 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заң
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 25 қаңтардағы Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:
1993 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъект-жұмыс берушілердің міндетті аударымдары есебінен еңбекақы төлеу қорына 2 пайыз мөлшерінде қалыптастырылсын. Халықтың жұмыспен қамтылуына және көші-қонына жәрдемдесудің мемлекеттік қорына жарналардан мемлекеттік бюджетте тұратын мекемелер мен ұйымдар, меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндіретін колхоздар, совхоздар және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, саңырау-мылқау, соқыр және мүгедек қоғамдардың кәсіпорындары босатылсын. Көші-қон іс-шаралары бойынша шығыстарды қаржыландыру жұмыспен қамтуға және көші-қонға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылсын. Ескерту. 17 - бапқа өзгеріс енгізілді-Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 мамырдағы Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы