⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Судья лауазымына конкурс  Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

16-бап. Судья лауазымына конкурс  Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Судья лауазымына конкурс  Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Кеңестің аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бойынша беріледі. 

       "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Кеңес бекітетін құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын облыстық сот, кассациялық сот судьясының бос лауазымына кандидаттар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

      2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. 

      Конкурсты өткізу графигін бекіту тәртібі, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтер Кеңес регламентінде айқындалады. 

      3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады. 

      4. Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңестің регламентінде белгіленген мерзімдерде, бірақ конкурсқа дейін кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Бұл ретте облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына орналасуға конкурс облыстық соттың сот алқасының төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін жариялануы мүмкін. 

      5. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет. 

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы