Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 16-бап. Рейтинг беру әдіснамалары Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

16-бап. Рейтинг беру әдіснамалары Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 16-бап. Рейтинг беру әдіснамалары Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Кредиттік рейтингтік агенттік рейтинг берілетін тұлғаның салалық мамандануына сәйкес келетін, рейтингтің тек қана белгілі бір түрі үшін қабылданған әдіснама нұсқасы негізінде кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асырады.

      2. Кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында көзделген, оның ішінде рейтинг берілетін тұлғаның бейіні мен ерекшеліктері қолданылатын әдіснамада есепке алынбай, бұл рейтингтің немесе рейтинг бойынша болжамның бұрмалануына алып келуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, кредиттік рейтингтік агенттік қолданылатын әдіснамадан алшақтауға құқылы емес.

      3. Кредиттік рейтингтік агенттік қолданылатын әдіснаманы, сондай-ақ осы Заңның 23-бабына сәйкес әдіснамаға енгізілетін барлық өзгерістерді ашып көрсетеді.

      4. Кредиттік рейтингтік агенттік кредиттік рейтингтер жөніндегі, мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін әдіснамаларды әзірлеп, бекітеді:

      1) кредит төлеу қабілеттілігінің барлық факторының сипаттамаларын және олардың кредиттік рейтингтер мен кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін қамтиды;

      2) кредиттік рейтингтік қызмет шеңберінде оларды үздіксіз қолдану көзделеді;

      3) рейтинг объектілерінің алуан түрі бойынша кредиттік рейтингтерді салыстыру мүмкіндігі көзделеді;

      4) әдіснаманы, модельдер мен олардың шарттарын бірыңғай жүйелік кешен ретінде қолдану көзделеді;

      5) әдіснаманы қайта қарау негіздерін қамтиды;

      6) кредиттік рейтингтердің анықтығын тексеру мүмкіндігі көзделеді.

      Кредиттік рейтингтер жөніндегі әдіснама оны тарихи деректердің, әдіснамада пайдаланылатын шарттардың, рейтинг берілетін тұлғалардың төлемегені туралы нақты ақпараттың не рейтинг берілетін тұлғалардың қаражатты қайтаруының нақты көрсеткіштері негізінде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      5. Кредиттік рейтингтік агенттік қолданылатын әдіснамада пайдаланылатын шарттардың осы әдіснамаға сәйкес берілген рейтингтердің өзгеруіне әсері туралы ақпаратты жариялайды.

      6. Кредиттік рейтингтік агенттік ішкі құжаттарға сәйкес тұрақты негізде, бірақ жылына бір реттен сиретпей әдіснамаларды жаңартып отырады.

      7. Қолданылатын әдіснамада рейтингтерге және (немесе) рейтингтер бойынша болжамдарға әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін қателер анықталған кезде кредиттік рейтингтік агенттік осы баптың 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.

      8. Егер анықталған қателер берілген рейтингтерге әсер етсе, кредиттік рейтингтік агенттік өз интернет-ресурсында мұндай қателер туралы ақпарат жариялайды.

      9. Егер қолданылатын әдіснаманың жоспарланған өзгерістері елеулі өзгерістер болып саналса және рейтингтерге әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, кредиттік рейтингтік агенттік:

      1) мұндай өзгерістердің себебі мен салдарын, оның ішінде осы әдіснамаға сәйкес берілген рейтингтер үшін салдарын көрсетіп, қолданылатын әдіснаманың жоспарланған өзгерістері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастырады;

      2) қолданылатын әдіснама өзгертілген күннен бастап алты айдан кешіктірмей осы әдіснамаға сәйкес берілген барлық рейтингті қайта қараудың қажеттігін бағалайды;

      3) егер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген бағалау нәтижелері бойынша рейтингтерді қайта қарау қажеттігі анықталса, қолданылатын әдіснама өзгертілген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде оларды қайта қарайды.

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау