16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы
1. Пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы аумағында:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен контентті алуға, жасауға, орналастыруға, таратуға;
2) онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еркін пікір білдіруге;
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға;
4) аккаунт, жария қоғамдастық ашуға;
5) онлайн-платформаның меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне өздерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы талаппен жүгінуге;
6) егер онлайн-платформалар ұсынатын өнімдер өз нанымдарына қайшы келсе, олардан бас тартуға;
7) қызықтырмайтын контенттің көрсетілуін шектеуге құқығы бар.
2. Пайдаланушылар:
1) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасын сақтауға;
2) орналастырылатын, таратылатын контенттің анықтығын тексеруге;
3) жалған ақпаратты орналастырмауға, таратпауға;
4) құқыққа қайшы контентті орналастырмауға, таратпауға;
5) жалған ақпарат, құқыққа қайшы контент орналастырылған, таратылған жағдайда оларды жоюға;
6) ерікті қайырмалдықтарды жинаған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы