16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері Закона Об обязательном социальном медицинском страховании
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің:
1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін басқа да денсаулық сақтау субъектілерімен қордың келісуі бойынша шарттар жасасуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын түсіндіру үшін қорға өтініш жасауға құқығы бар.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді енгізудің уақтылығын, анықтығын және дұрыстығын;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті;
3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы қордың сұрау салуы бойынша беруге;
4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу үшін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға қордың талап етуі бойынша кіруді;
4-1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қорға қайтарылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді атқарады.
3-1) ақпарат ашық қолжетімділікте болмаған жағдайда медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын рұқсаттардың және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынуды;
3-2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің шығыстары туралы мәліметтерге қордың қол жеткізуін;
Закон Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 405-V ЗРК.
Настоящий Закон регулирует общественные отношения, возникающие в системе обязательного социального медицинского страхования, в целях реализации конституционного права граждан на охрану здоровья.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела