16-1-бап. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жайылымдар туралы Заңы
1. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жерлерге түгендеу жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
2. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар топырақтың құнарлылығын сақтаудың, көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірудің, суландырудың табиғи процестеріне және басқа да іс-шараларды өткізуге ықпал ету болып табылады.
3. Жайылымдарды мониторингілеу жайылымдардың жай-күйін, оларды пайдалану нәтижесінде туындап жатқан өзгерістерді бақылау, олардың жай-күйін бағалау мен болжау, жағымсыз процестерді анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
4. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ жайылым пайдаланушылар қамтамасыз етеді.
5. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ.
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы