⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Жас санаты белгісі Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

15-бап. Жас санаты белгісі Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Жас санаты белгісі Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы 

      1. Жас санаты белгісін таратушы ақпараттық өнімге мыналарды белгілеу арқылы түсіреді немесе онда көрсетеді: 

       1) "6 жасқа дейін" – ромбтағы "6–" белгісі және (немесе) "алты жасқа толмаған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;  

       2) "6 жастан бастап" – ромбтағы "6+" белгісі және (немесе) "алты жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;  

      3) "12 жастан бастап" – ромбтағы "12+" белгісі және (немесе) "он екі жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту; 

      4) "14 жастан бастап" – ромбтағы "14+" белгісі және (немесе) "он төрт жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту; 

      5) "16 жастан бастап" – ромбтағы "16+" белгісі және (немесе) "он алты жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту; 

      6) "18 жастан бастап" – ромбтағы "18+" белгісі және (немесе) "балаларға тыйым салынған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту. 

      2. Мыналарды: 

      1) тікелей эфирде трансляцияланатын ақпараттық, көңіл көтеретін және спорттық теле-, радиобағдарламаларды; 

      2) қоғамдық-саяси сипаттағы ақпаратты таратуға маманданатын мерзімді баспа басылымдарын; 

      3) жаңалықты, ақпараттық-талдамалық, қоғамдық-саяси телебағдарламаларды; 

      4) радио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімді; 

      5) жарнаманы; 

      6) желілік басылымдардан басқа, интернет-ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жас санаты белгісі жоқ ақпараттық өнімді таратуға жол берілмейді. 

      Жас санаты белгісі осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ақпараттық өнімге ерікті негізде түсірілуі немесе онда көрсетілуі мүмкін. 

      2-1. Телеарналарда ақпараттық өнімді тарату кезінде жас санаты белгісі оны таратудың бүкіл кезеңіне қойылады. 

      3. Әртүрлі жас санаттарына жатқызылатын бірнеше бөліктен тұратын ақпараттық өнім таратылған жағдайда, жас санаты белгісі жас санаты үлкен балаларға арналған ақпараттық өнімге сәйкес келуге тиіс. 

      4. Жас санаты туралы мәтіндік ескерту ақпараттық өнім таратылатын тілге сәйкес келуге тиіс. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы