⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы банк ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

      2. Қатысушы банктерге мынадай талаптар қойылады:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы;

      2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу;

      3) алып тасталды - ҚР 05.07.2017 № 88-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған күші бар қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалардың болмауы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы туралы талабы және 2) тармақшасының талабы Ұлттық пошта операторына қолданылмайды.

      3. Оператор білім беру қызметтеріне ақы төлеу білім беру жинақтау салымының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатысушы білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

      4. Ынтымақтастық туралы келісімде нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың өзара іс-қимылының шарттары, тәртібі және жауапкершілігі қамтылуға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы