Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

      1. Үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген үлестің құнын төлеуі төлемдерді шартта белгіленген мерзімде уәкілетті компанияның банк шотына салу арқылы жүргізіледі.

 Реновациялау шеңберіндегі үлескердің үлес құнын төлеуі реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғаннан кейін және реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтар мемлекеттік тіркелгеннен кейін реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын уәкілетті компанияға беру арқылы жүргізіледі.

      2. Үлескердің міндеттемелері ол үлестің құнын толық көлемде төлеген және оны көппәтерлі тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үйлер кешенінен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес қабылдап алған кезден бастап орындалған болып есептеледі.

 Реновациялау шеңберіндегі үлескердің міндеттемелері уәкілетті компанияның реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру мемлекеттік тіркелген және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлес қабылданған кезден бастап орындалды деп есептеледі.

      3. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру жөніндегі міндеттемесі көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданған, тараптар көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру туралы шартқа қол қойған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізілген кезден бастап орындалды деп есептеледі.

       4. Мердігердің (бас мердігердің) кепілдікті мерзім бойынша міндеттемелері ол кепілдікті мерзім кезеңінде туындаған, жобалау-сметалық құжаттамада және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы көрсеткіштері сәйкестігінің бұзушылықтарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.

       5. Тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге іс жүзінде берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін уәкілетті компания көтереді. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес іс жүзінде берілгеннен кейін кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үлескерге өтеді.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы