⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы 

      1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды. 

  1-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

      2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады. 

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы