Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы 

 

      1. Ведомстволық архивтер Ұлттық архив қорының архивтік құжаттарын және жеке құрам жөніндегі архивтік құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тұрақты негізде электрондық нысанға аударуды қамтамасыз етуге міндетті. 

      2. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қолжетімділік мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, архивтік құжаттарды барлық пайдаланушы үшін ашық болып табылады. 

      3. Қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттың электрондық көшірмесінің архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасымен мәні бірдей болады.

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы