Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.

      2. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақ қолданылған кезде бір немесе бірнеше шектеу:

      1) шұғыл жағдайлар мен төтенше жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрғынжайдан барлық уақытта немесе белгілі бір уақытта шығуға тыйым салу;

      2) осы бөліктің 5) тармағында және осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз телефон арқылы сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салу;

      3) осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз белгілі бір адамдармен араласуға және кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салу;

      4) электрондық бақылау құралдарын қолдану және осы құралдарды өзімен бірге алып жүру міндетін жүктеу;

      5) бақылау мақсатындағы телефон қоңырауларына немесе өзге де бақылау сигналдарына жауап беру, анықтау органына немесе күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын басқа да органға телефон шалу немесе оларға белгілі бір уақытта жеке өзінің келу міндеттерін жүктеу;

      6) күдіктіге, айыпталушыға немесе олардың тұрғынжайына байқау орнату, сондай-ақ олардың тұрғынжайына немесе оларға тұрғынжай ретінде бөліп берілген үй-жайға күзет қою;

      7) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын және қоғамнан оқшаулануын қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.

      Қажет болған кезде күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын қадағалау орнатылады.

      Қамақтағы адамның тұрғынжайдан шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асырған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы. Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамақтағы адамның тұрғынжайында болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.

      ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 146-бабы екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:      үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер тұтқындалған адамның және оның қорғаушысының өмір сүру және денсаулығын сақтау, құқық субъектісі ретінде танылу, өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтарының, сондай-ақ олардан туындайтын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде бекітілген процестік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс..

      3. Соттың үйқамақ туралы қаулысында күдіктіге, айыпталушыға қолданылатын нақты шектеулер белгіленеді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыратын орган немесе лауазымды адам көрсетiледi.

      Үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер қамаққа алынған адамның өмір сүру, денсаулығын қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын, сондай-ақ осы Кодексте бекітілген, олардан туындайтын процестік құқықтарды бұзбауға тиіс.

      Күдіктінің, айыпталушының бірге тұратын отбасы мүшелерімен, өзінің заңды өкілімен немесе белгіленген тәртіппен іске кіріскен қорғаушысымен, қылмыстық процесті жүргізетін органмен және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын адамдармен байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін шағымдар мен өтінішхаттар беруі, шұғыл қызметтерді шақыру, процестік әрекеттер мен сот отырыстарына қатысу үшін байланыс құралдарын пайдалануы шектелмейді.

      Күдікті, айыпталушы байланыс құралдарын пайдаланудың әрбір жағдайы туралы қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.

      4. Үйқамақтың мерзiмi, оны ұзарту тәртiбi осы Кодекстiң 151, 152 және 547 – 551-1-баптарында белгiленген қағидаларда айқындалады.

      5. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

137-бапқа түсініктеме. ҚР Қылмыстық Кодексінің Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау

137-бапқа түсініктеме. ҚР Қылмыстық Кодексінің Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-ан...

Толық оқу »

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге...

Толық оқу »

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мыналар: 1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қ...

Толық оқу »

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтарпау шар...

Толық оқу »

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 9 нормативтік қаулысы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкест...

Толық оқу »

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға ал...

Толық оқу »

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен баста...

Толық оқу »

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулаудан тұрады

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгіл...

Толық оқу »

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзе...

Толық оқу »

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау...

Толық оқу »

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi  22-тарау. КЕМЕНІ ТҰТҚЫНДАУ Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi 22-тарау. КЕМЕНІ ТҰТҚЫНДАУСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiр...

Толық оқу »

Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы өтініші ҚР

Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы өтінішіНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепіл қолдануға құқылы

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепі...

Толық оқу »

213-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (оларға тыйым салу), тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру, кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау салдарлары  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

213-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (оларға тыйым салу), тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру, кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқт...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабына түсініктеме. Үйқамақ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабына түсініктеме. Үйқамақ1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзде...

Толық оқу »