14-бап. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату Пошта туралы Заңы
1. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату жөніндегі қызметтерді пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға ұсыну пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен пошта операторының жаздырып алу каталогіне мерзімді баспа басылымын енгізу жөнінде шарт жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.
Пошта операторы жаздырып алудың бірыңғай каталогін қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүргізеді, онда мерзімді баспа басылымдарының таратылу аумағына қарай республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары жөніндегі бөлімдер қамтылуға тиіс.
2. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату мына кезеңдерден тұрады:
1) бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен мерзімді баспа басылымдарын таратуға, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыдан тапсырысты қабылдауға және жаздырып алуды ресімдеуге, оның ішінде интернет-ресурсты пайдалана отырып ресімдеуге және мерзімді баспа басылымдарына пошта операторы қабылдаған жаздырып алу бойынша ақпаратты өңдеуді жүзеге асыруға шарт жасасу;
2) пошта операторының мерзімді баспа басылымдарын қабылдауы, өңдеуі, тасымалдауы, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға жеткізуі не мерзімді баспа басылымын пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық нысанда жіберуі.
3. Республикалық, жергілікті және шетел мерзімді баспа басылымдарына жазылуды пошта операторы немесе пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы өндірістік объектілер немесе интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырады. Жаздырып алынатын республикалық мерзімді баспа басылымдарын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тарату масс-медиа саласындағы уәкілетті орган беретін құжатқа сәйкес жүзеге асырылады, ал жергілікті мерзімді баспа басылымдарын тарату облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті құжатта көрсетілген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында жүзеге асырылады.
4. Жаздырып алынатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тарату "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы