⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары Жайылымдар туралы Заңы

14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары Жайылымдар туралы Заңы 

       Ескерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жайылымдарды беру және пайдалану шарттары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 

      1-1. Осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады. 

      1-2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі. 

       1-3. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.  

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады. 

      2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды беру кезінде мынадай шарттар ескерілуге тиіс: 

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы; 

      2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі; 

      3) жер учаскесінің өнімділігі. 

      3. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарлары бір жыл бойы (пайдаланылмау фактісі алғашқы анықталған кезден бастап) жайылмаса не олардың саны уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасының елу пайызынан аз болса және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабылмаса, мұндай жайылымдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуға жатады. 

      4. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы