⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

      Ұлттық палата: 

      1) шетелде филиалдар мен өз өкілдіктерін құрады және таратады; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік ұйымдармен бірлесіп, іскерлік кеңестерді және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады; 

      3) өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдегі халықаралық көрмелер тізілімін жүргізеді; 

      4) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетингті және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады; 

      5) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді; 

      6) экспорт-импортты реттеу мәселелері бойынша барлық елдердің заңнамалары, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық саудаға және шаруашылықішілік қызметке байланысты басқа да мәселелердің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өз мүшелеріне ұсынуды жүзеге асырады; 

      7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады; 

      7-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асырады; 

      8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақтайды; 

      9) жылына кемінде бір рет кеден ісі саласындағы уәкілетті органға және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды растауға уәкілеттік берілген тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қойылған қолдарының үлгілерін жолдайды; 

      10) тоқсанына бір реттен сиретпей, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты Ұлттық палатаның интернет-ресурсында орналастырады; 

      11) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады; 

      12) кәсіпкерлік субъектілерінің, қаржылық-экономикалық жағдайы кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін олардың көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша жасалған тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және жүргізеді; 

      13) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады; 

      14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес кепіл болады және уақытша әкелу туралы құжаттарды береді; 

      15) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды; 

      16) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе әкелу елі (одағы) біржақты тәртіппен белгілеген талаптарға сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады; 

      17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді; 

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды; 

      19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады. 

      Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы