⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы 

      1. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті талдау (бұдан әрі – талдау), олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық бюджеттің қаражатын, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға байланысты мәселелерді қоспағанда, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. 

      2.  Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады, ол Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгілеген мәселелер қойылатын талдаудың міндетті түрде жүргізілуіне бастамашылық жасайды. 

      Қордың тобына кіретін ұйымдарға жүргізілген сыртқы аудиттің нәтижелері Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылады. 

      3. Директорлар кеңесі басқарма төрағасына құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі кіретін талдау жүргізу жөніндегі тексеру тобын құруға не Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы. 

      4. Қордың тобына кіретін ұйымды талдаудың нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылатын актімен ресімделеді. 

      5. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде, Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қолданады. 

      6. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің жұмысы барысында алынған ақпаратты өз қызметінде пайдалануға құқылы. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы. 

      Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы