Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару органдарына және өзге де органдарына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

14-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару органдарына және өзге де органдарына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару органдарына және өзге де органдарына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Кредиттік рейтингтік агенттік пен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингтік қызмет туралы заңнамасының, сондай-ақ ішкі құжаттардың талаптарын сақтауын бақылау мақсатында кредиттік рейтингтік агенттік кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен ішкі бақылау органдарының жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

      2. Ішкі бақылау қызметі директорлар кеңесіне есеп береді.

      3. Ішкі бақылау қызметінің басшысы (бақылаушы) кредиттік рейтингтік агенттіктің жұмыскері болып саналады және оны кредиттік рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесі тағайындайды.

      4. Ішкі бақылау қызметі әрбір аяқталған жылдың қорытындысы бойынша кредиттік рейтингтік агенттік пен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингтік қызмет туралы заңнамасының және ішкі құжаттардың талаптарын сақтауын тексереді, оның нәтижелері бойынша ішкі бақылау қызметінің жыл сайынғы есебін дайындайды. Ішкі бақылау қызметінің жыл сайынғы есебін кредиттік рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесі бекітеді.

      5. Ішкі бақылау қызметі осы Заңның 16, 17, 18 және 19-баптарында көрсетілген, қолданылатын қағидалар мен рәсімдердің тиімділігіне кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жыл сайын бағалау жүргізеді.

      6. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында кредиттік рейтингтік агенттік тәуекелдерді басқару бөлімшесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі ішкі аудиттің функциясына тәуелді болмайды және кредиттік рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп береді.

      7. Кредиттік рейтингтік агенттік өз құрылымында рейтинг берілетін тұлғалар мен рейтингтерді пайдаланушылардың жолданымдарын қарауға жауапты бөлімше ұйымдастырады.

      8. Кредиттік рейтингтік агенттік әдіснамаларды бекіту мен қайта қарауды жүзеге асыратын бөлімшенің жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

      Әдіснамаларды бекіту мен қайта қарауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрамына қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.

      9. Рейтингтік талдаушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілейтін кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      10. Кредиттік рейтингтік агенттік осы бапта көрсетілген функцияларды берген, сондай-ақ бухгалтерияны жүргізген, цифрлық технологиялар саласындағы персоналды басқарған не кредиттік рейтингтік қызмет шеңберінде талдамалық жұмыстарды, сыртқы мердігерлікті (аутсорсингті) жүргізген жағдайларда Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингтік қызмет туралы заңнамасының сақталуына кредиттік рейтингтік агенттік жауапты болады.

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау