⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары Ардагерлер туралы Заңы

14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары Ардагерлер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары Ардагерлер туралы Заңы 

       1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына мынадай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 

      1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуi; 

      2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу; 

      4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; 

      5) жерленген жерге тегiн баруға және кері қайтуға (бiрақ үш адамнан аспайды), сондай-ақ әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде отбасы таңдаған тұрғылықты жерiне тегін жол жүруге құқық; 

      6) қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшiні тегін жерлеу өзiнiң соңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асырылады (бейбiт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы аурудан қайтыс болған әскери қызметшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу (қайта жерлеу) орындарына тасымалдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Мемлекеттік күзет қызметінің шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкін). 

      2. Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде, сондай-ақ әскери мiндеттiлер жиындарына шақырылған қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы жәрдемақы төленедi. 

      3. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан не сол кезеңде жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң жұбайларына не асырауында аталған әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдарға жұмыс орнынан балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға жолдамалармен, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң балалары үшiн балаларды сауықтыру мекемелерiне жолдамалармен артықшылықты қамтамасыз ету ұсынылады. 

      4. Отбасылары осы Заң бойынша әлеуметтік қолдау шараларына құқығы бар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын генералдардың, адмиралдардың және әскери қызметшiлер қатарындағы зейнеткерлердiң жұбайларына "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады. 

 

      Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы