⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган: 

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді; 

      1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады; 

      2) мыналардың: 

      техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстарға; 

      республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың пайдаланылуына, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын қарыздарды алу шарттарын сақтауына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша; 

      мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына; 

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына; 

      тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады; 

      3) осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады; 

      3-1) қаржылық есептілік бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайын есеп береді; 

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында: 

      ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз етеді; 

      ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 

      жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізеді; 

      ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізеді; 

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жібереді; 

      ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 

      ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 

      мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізеді; 

      5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады; 

      6) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады; 

      7) алып тасталды - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      8) Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      9) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      10) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді; 

      10-1) Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде құқықтық актілер қабылдайды; 

      11) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпараттарын тыңдайды; 

      11-1) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      11-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы