14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарламаға мына қызмет түрлері жатады:
1) заңды тұлғалар жүзеге асыратын энергия аудиті;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру.
2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабардар етеді.
3. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға;
1-1) заңды тұлғаның бірінші басшысына берілетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты болуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.
4. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитi және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен кәсіпкерлік субъектілері мынадай талаптарға сай болуға:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарлары болуға;
2) штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушысы, оның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес ғылыми дәрежесі бар кемінде бір оқытушысы болуға;
3) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес оқу кабинетіне, компьютерлерге және ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы.
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы