⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы 

      1. Арнаулы олимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтыруы мен спортын дамытуға жәрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын халықаралық арнаулы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. 

      2. Қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сәйкес және халықаралық спорт ұйымдарының құптауы негізінде, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік арнайы олимпиадалық қозғалысты басқарады. 

      3. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік Арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларынан (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардан) өкілдік етеді. 

      4. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады. 

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.05.2020 № 395-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы