14-2-бап. Энергия аудиторы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы
1. Энергия аудиторы өз қызметін еңбек шарты негізінде бір ғана энергия-аудиторлық ұйымның құрамында және (немесе) дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады.
2. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ғана энергия аудитін жүргізеді.
3. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы уәкілетті орган бекіткен, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік етуге міндетті.
Ескерту. Заң 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы.
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы