Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 137-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

137-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

137-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

1. Бұлтартпау шаралары болып мыналар табылады:

1) елді мекеннен кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат;

2) жеке кепілгерлік;

3) әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;

4) кәмелетке толмаған адамды қарауына беру;

5) кепіл;

6) үйқамақ;

7) күзетпен ұстау.

2. Қажет болған жағдайда, әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру және күзетпен ұстауды қоспағанда, бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану және олардың тағайындалуын күдіктіге, айыпталушыға түсіндіру туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда белгі қойылады.

3. Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқамауы үшін шаралар қабылданған жағдайда жол беріледі және ол күдіктінің, айыпталушының баратын орындары мен жүріп-тұру бағыттары, сондай-ақ жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және өмір салты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

4. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібі, шарттары мен негіздері Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.

ҚПК-нің 137-бабының нормаларында күдіктіге, айыпталушыға қатысты қолданылуы мүмкін жеті бұлтартпау шарасының және қосымша шектеулердің (қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің жүрген жерін электрондық бақылау құралдары арқылы қадағалау) тізбесі қамтылған. Бұл тізбе түпкілікті болып табылады.

ҚПК-нің 137-бабы нормаларының құрылымы қылмыстық қудалау органдарының, тергеу судьясының және соттың бұлтартпау шараларын қолдануында неғұрлым жеңіл шарадан неғұрлым қатаң шараға көшу түріндегі белгілі бір қисын, дәйектілік және баламалылық болуы тиіс екеніне күмән келтірмейді. Алайда мұндай ауысу қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігіне, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің жеке басына, оның тергеу немесе сот талқылауы барысында жасаған мінез-құлқына байланысты болады (ҚПК-нің 136-бабының 1-1-бөлігі).

Сонымен бірге, ҚПК-нің 137-бабы нормаларын қолдану тәртібі бұлтартпау шараларын қолданудағы дәйектілікті көздегенімен, ҚПК-нің 136-бабының 2-бөлігін қараңыз, іс-әрекеттің қауіптілігіне ғана негізделген уәж болған кезде, ерекше жағдайларда күдіктіге, айыпталушыға бірден күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туындаса, бұл тәртіп өзгертілуі мүмкін.

Электрондық бақылау құралдарына қатысты (ҚПК-нің 137-бабының 2–4-бөліктері).

Біріншіден. Бұл құралдарды қолдану қылмыстық процесті жүргізетін органның құқығы болып табылады, міндеті емес және қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің қалауына байланысты болмайды.

Екіншіден. Аталған құралдарды қолдану бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда оларды қолданумен бір мезгілде немесе бұлтартпау шарасы тағайындалғаннан кейін жеке қаулыда көрсетіледі.

Үшіншіден. Оларды қолданудың барлық жағдайларында олардың рөлі мен тағайындалуы қылмыстық құқық бұзушылық субъектісіне міндетті түрде түсіндіріледі.

Төртіншіден. Олар тек өзіне қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған, тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету және қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша уақтылы келу мақсатында күдіктіге, айыпталушыға қатысты ғана қолданылуы мүмкін.

Бесіншіден. Егер күдікті, айыпталушы әскери бөлім командованиесінің бақылауында болса немесе күзетпен ұсталса, олар қолданылмайды.

Алтыншыдан. Оларды қолдану кезінде заң ҚПК-нің 137-бабының 3-бөлігінде назар аударылған қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің қоршаған ортасына және жеке басына байланысты объективті әрі субъективті факторлардың жиынтығын ескеруді талап етеді. Бұл мән-жайлар жекелеген жағдайларда электрондық бақылау құралдарын қолдануды болдырмауы мүмкін, мысалы, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің қарт жаста болуы немесе денсаулығының нашар болуы.

Жетіншіден. Бұл құралдар қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы функциясын атқарады. Қазіргі уақытта электрондық бақылау құралдары жүйесіне қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілерге қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің оларға немесе олардың тұрғылықты жерлеріне жақындағаны туралы хабарлау құралдары кіруі мүмкін. Бұл қылмыстық процесті жүргізетін органдарға қажетті шараларды қабылдау үшін хабар беруге мүмкіндік береді.

Төменде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидалары, шарттары мен негіздері туралы қаулының толық мәтіні келтіріледі (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген):

«1. Жалпы ережелер

Осы Электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидалары, шарттары мен негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 137-бабының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін айқындайды.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану түріндегі қосымша шектеу ҚПК-нің 137-бабында көзделген, әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру және күзетпен ұстауды қоспағанда, бұлтартпау шаралары таңдалған адамдарға қатысты пайдаланылуы мүмкін.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының орналасқан жері туралы ақпаратты тексеру және алу қылмыстық процесті жүргізетін орган басшысы айқындайтын бөлімшемен (бұдан әрі – бөлімше) жүзеге асырылады.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібі

Қылмыстық процесті жүргізетін орган қосымша шектеуді бұлтартпау шарасын таңдау кезінде де, осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген негіздер туындаған кезде де қолдана алады. Бұл ретте бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы белгі қойылады және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға олардың тағайындалуы, қолдану қажеттілігі, оның ішінде оларды пайдалану қағидаларын бұзудың салдары түсіндіріледі.

Кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға түсіндіру оның заңды өкілдерінің немесе қорғаншылық және қамқоршылық органының қатысуымен жүргізіледі. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының міндеттері мен шектеулері қылмыстық-процестік заңнамамен айқындалады.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы мәселені шешу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіні, айыпталушыны жалпы денсаулық жағдайын және оларды қолдануға медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын анықтау үшін медициналық куәландыруға жібереді, сондай-ақ одан өзімен бірге тұратын адамдардың денсаулық жағдайына қауіп төнбейтіні туралы қолхат алады.

Электрондық бақылау құралдарын орнату және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға одан әрі бақылауды жүзеге асыру үшін іс жүргізуінде қылмыстық іс бар қылмыстық процесті жүргізетін орган бұлтартпау шарасын электрондық бақылау құралдарын қолдана отырып таңдау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде бөлімшеге мынадай құжаттарды жолдайды:

ҚПК-нің 139-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, іс-әрекетті саралау туралы және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулылардың қылмыстық процесті жүргізетін органның мөрімен куәландырылған көшірмелері;

қылмыстық іс бойынша анықтамалық ақпарат, оның ішінде мыналар туралы мәліметтер: жасалған қылмыс; күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы; күдіктінің, айыпталушының, сотталушының мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелерінде есепте тұруы; қылмыстық іс жүргізуінде бар тергеушінің немесе анықтаушының не оны алмастыратын адамның байланыс телефондары; күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тұрғылықты жері, соттылығы, жұмыс немесе оқу орны туралы мәліметтер;

ҚПК-нің 300-бабында көзделген күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Бөлімше осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын орындауға дереу кіріседі, атап айтқанда: 1) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бұлтартпау шарасын орындау орнында электрондық бақылау құралдарын орнатуды, беруді және іске қосуды жүзеге асырады; 2) күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен электрондық бақылау құралын қабылдау-тапсыру актісін жасайды; 3) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға электрондық бақылау құралдарының қауіпсіздік шаралары мен пайдалану қағидалары туралы жадынаманы қол қойғызып түсіндіреді. Кәмелетке толмаған күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға түсіндіру заңды өкілдерінің, қорғаушысының немесе қорғаншылық және қамқоршылық органының қатысуымен жүргізіледі; 4) қаулыны тіркегеннен және күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны есепке қойғаннан кейін қаулының орындалуға қабылданғаны туралы хабарламаны қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу жолдайды.

Бөлімше қызметкері: 1) мониторинг пультінің деректерін пайдалана отырып, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтауына қатысты ақпаратты тұрақты түрде жинауды жүзеге асырады; 2) электрондық бақылау құралдарында техникалық ақаулар туындаған жағдайда олардың себептерін анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдайды; 3) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының электрондық бақылау құралдарын бүлдіруі, рұқсатсыз шешіп алуы, міндеттер мен шектеулерді бұзуы туралы, сондай-ақ техникалық ақаулар (жұмысының тоқтауы мен іркілістері) туралы ақпарат алған жағдайда бөлімше бастығына және қылмыстық процесті жүргізетін органға, ал ол болмаған кезде органның басшысына немесе кезекші бөліміне дереу баяндайды. Жиырма төрт сағат ішінде тиісті шаралар, оның ішінде іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру үшін қылмыстық процесті жүргізетін органға жазбаша хабарлама жолдайды; 4) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының электрондық бақылау құралдарын бүлдіруі, ажыратуы немесе рұқсатсыз шешіп алуы туралы сигнал келіп түскен кезде олардың жарамдылығын тексеру үшін қызметкерлердің бұлтартпау шарасы орындалатын жерге шығуын дереу ұйымдастырады.

Қылмыстық іс жүргізуінде бар қылмыстық процесті жүргізетін органның сұрау салуы бойынша бөлімше күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты адамның орналасқан жерін бақылауды және оған жүктелген міндеттер мен шектеулердің сақталуын жүзеге асыруға байланысты ақпаратты жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.

Электрондық бақылау құралдарын қолдануды тоқтатуға және бөлімшенің оларды алып тастауына мыналар негіз болып табылады: 1) ҚПК-нің 153-бабына сәйкес бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту; 2) сот үкімі; 3) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қайтыс болуы.

Тергеулігі бойынша келіп түскен және электрондық бақылау құралдарын пайдалана отырып бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктіге, айыпталушыға қатысты қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдаған кезде, сондай-ақ сот сотталушыға қатысты үкім жариялаған кезде бөлімше күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен электрондық бақылау құралын алып тастау және орнату туралы қабылдау-тапсыру актісін жасайды. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдіруі немесе жоюы салдарынан келтірілген залал қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік тәртіппен өтеледі.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану шарттары

Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқамауы үшін шаралар қабылданған жағдайда жол беріледі және ол күдіктінің, айыпталушының баратын орындары мен жүріп-тұру бағыттары, сондай-ақ жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және өмір салты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Электрондық бақылау құралдары күдіктінің, айыпталушының, сотталушының Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері болған кезде қолданылады.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының денсаулығына байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда қосымша шектеуді қолдануға жол берілмейді.

Бөлімше бастығы күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға жүктелген міндеттер мен шектеулерге, оның жеке басын сипаттайтын мәліметтерге сәйкес техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, тиісті жабдықты орнату туралы шешім қабылдайды.

Техникалық себептер бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты электрондық бақылау құралдарын одан әрі пайдалану мүмкін болмаған жағдайда бөлімше оларды өзге құралдармен ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, ал ақау анықталған кезде электрондық бақылау құралдарын дереу ауыстырады.

Егер күдікті, айыпталушы, сотталушы медициналық көрсетілімдер бойынша денсаулық сақтау мекемесіне жеткізіліп, ауруханаға жатқызылса, бөлімше бұл факт туралы қылмыстық процесті жүргізетін органға және денсаулық сақтау мекемесіне осы адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылғаны туралы дереу хабарлайды.

Электрондық бақылау құралдарын қолдану негіздері

Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану үшін қылмыстық процесті жүргізетін органның ҚПК-нің 137-бабында көзделген елді мекеннен кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, жеке кепілгерлік, кәмелетке толмаған адамды қарауына беру, кепіл, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы, қосымша шектеуді қолдану қажеттігі туралы белгісі бар қаулысы негіз болып табылады.

Электрондық бақылау құралдары мынадай жағдайларда қолданылады: 1) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өздеріне қолданылатын бұлтартпау шарасына сәйкес заңнамада көзделген бір немесе бірнеше міндеттемені бұзуы; 2) күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан соттың жеткілікті негіздер болған кезде бас тартуы; 3) жекелеген адамдардың өтініші бойынша күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жүріп-тұруы мен орналасқан жерін анықтау үшін олардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қауіп төну мүмкіндігі».

Ақпарат ретінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАК талаптарын орындау мақсатында 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулысын қабылдағанын да атап өтеміз. Аталған қаулымен Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі мен ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілген.

Тізбенің 1-тармағына сәйкес электрондық бақылау құралдарын қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі шартты түрде сотталғандарды, бас бостандығын шектеуге сотталғандарды, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды және әкімшілік қадағалаудағы адамдарды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу, сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланады және оларға дербес бақылау құралдары, техникалық құралдар мен оларды мониторингтеу құрылғылары кіреді.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы – Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар

 

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мыналар: 1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қ...

Толық оқу »