⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді. 

      Зергерлік және басқа да бұйымдар, оларды пайдалану құқығын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін уәкілетті ұйымдардың кодтары бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалау таңбасымен таңбаланады. 

      Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде жасанды жолмен алынған материалдар пайдаланылған кезде затбелгілерде осы тастың асыл тас емес екені көрсетілуге тиіс. 

      2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).       3. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      4. Атаулы таңба уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті ұйымда міндетті тіркеуге жатады. 

      5. Уәкілетті ұйым тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ. 

      Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы