13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы
Рұқсат беру органдарының құзыретіне:
1) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу;
2) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қаруды және оған патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсаттарды, еңбекші көшіп қонушыларға арналған рұқсаттарды қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
5) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;
6) мемлекеттік органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде рұқсат беруді келісу туралы сауал жіберу;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы