⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi: 

      1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдардың жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi; 

      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады; 

      3) министрліктердің, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылық жасайды; 

      4) мыналардың: 

      ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың үлестес тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталына берiлген және (немесе) олардың меншiгiндегі стратегиялық объектiлердiң; 

      мемлекетпен үлестес емес заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiндегі стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн түзедi; 

      4-1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленетін және (немесе) оны басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының 10 пайыздан астамын жеке және заңды тұлғалардың сатып алуын немесе меншiкке өзгеше алуын келісу тәртібін айқындайды; 

      5) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      6) тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы негiзiнде, жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiмен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкiн азаматтық-құқықтық мәмiле жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды; 

      7) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы