⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті Азаматтық қорғау туралы Заңы

13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті Азаматтық қорғау туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 

      1) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді; 

      2) азаматтық қорғау саласында нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады; 

      2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 

      3) өздерінің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді; 

      4) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады; 

      5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді; 

      6) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 

      7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жібереді; 

      8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді; 

      9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді; 

      10) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      11) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

      12) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді; 

      13) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады; 

      14) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын бақылауды жүзеге асырады; 

      15) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады; 

      16) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді; 

      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы