13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы
1. Мемлекеттік органдар мен Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың арасындағы Қордың жалғыз акционері қызметінің, мемлекеттік органдар басшыларының Қордың директорлар кеңесіндегі мүшелігінің шеңберіндегі өзара іс-қимылға жатпайтын өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен реттеледі.
1-1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың қызметі туралы сұратылатын кез келген ақпарат беріледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан араласуға жол берілмейді.
3. Ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген есептілікті қоспағанда, Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдардың мемлекеттік органдарға есептілік ұсынуы Қордың интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысанын және орналастыру кезеңділігін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы.
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы