Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 13-бап. Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

13-бап. Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының Экология кодексінде белгіленген объектілер сыныптамасына сәйкес оның қоршаған ортаға әсерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылуға және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс. 

      Көрсетілген іс-шаралар әсер етудің осы түрі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерге және (немесе) шекті жол берілетін деңгейге (жүктемеге) сәйкес көзделеді және орындалады. 

      2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі бөлімдер (бөліктер) енгізіледі. 

      Белгіленген тәртіппен бекітілген, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерін) орындау құрылыс жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектісі үшін міндетті болып табылады. 

      Экологиялық зілзала аймақтары деп жарияланған, өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етiлуге тиiс. 

      3. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларында, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймақтарын оңалту жөніндегі шаралар көзделуге тиіс. 

      Елді мекендердің бас жоспарларының жобаларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы жобаларын тиісті уәкілетті органдармен келісулердің болуы көрсетіле отырып, жобаланатын аумақта бар жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері, санитариялық-қорғаныш аймақтары, рекреациялық аймақтар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

      Жобаланатын аумақ үшін белгіленген жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері, санитариялық-қорғаныш аймағы болмаған жағдайда, жоқ су қорғау құжаттамасын немесе санитариялық-қорғаныш аймағы бойынша құжаттаманы алмастыратын арнаулы бөлімнің (бөліктің) көрсетілген қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған тапсырмада міндетті түрде болуы көзделуге тиіс.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы