13-бап. "Даңқ" орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жоғары офицерлік құрамдағы адамдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамдағы адамдары:Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы
- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;
- әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады.
"Даңқ" ордені екі дәрежеден тұрады:
- I дәрежелі "Даңқ";
- II дәрежелі "Даңқ".
I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы