⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру, олардың нәтижелеріне шағым жасау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

      2. Алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және қызметтен босатылған күннен бастап төрт жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 

      4. Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 

      5. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді. 

      6. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады. 

      7. Психологиялық тестілеуді тапсырмаған адамдар оны қайта тапсыруға кемінде алты айдан кейін жіберіледі. 

      Біліктілік емтиханының басқа кезеңдерін тапсырмаған адамдар оларды қайта тапсыруға кемінде үш айдан кейін жіберіледі. 

      8. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ біліктілік емтиханының үлгілік сұрақтары Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады. 

      9. Судьялыққа кандидаттардан емтихан алу кезеңдерінің бірін қабылдау жүзеге асырылатын электрондық жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің және берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 

      Электрондық жүйенің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында тәуелсіз бағалау, оның ішінде шетелдік мамандар тартыла отырып жүргізілуі мүмкін. 

       9-1. Кандидаттар Комиссия мүшелерімен әңгімелесуге арнаулы тексеруден өткеннен кейін жіберіледі.  

      Арнаулы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады. 

      10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды: 

      психологиялық тестілеу; 

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу; 

      жазбаша эссе; 

      сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру; 

      біліктілік емтиханы кезеңдерінің бірімен қатар болуы мүмкін Комиссия мүшелерімен әңгімелесу. 

      Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді. 

      Судья лауазымына біліктілік емтиханы сұрақтарының санын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін және тізбесін Кеңес айқындайды. 

       10-1. Заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурс тәртібімен облыстық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін, сондай-ақ заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, көрсетілген конкурс тәртібімен кассациялық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды: 

      психологиялық тестілеу; 

      сот практикасынан алынған жағдайларды модельдейтін міндеттерді шешу (кейстік міндеттерді шешу) негізінде үміткердің өзінде бар білімін практикада қолдана білу қабілетін тексеру. 

       Осы тармақта көрсетілген біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурсқа қатысу үшін жарамды. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы