13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.
2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: V011629
1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;
3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру;
4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;
5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.
3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы