⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Әскери полиция органдарының кадрлық құрамы Әскери полиция органдары туралы Заңы

13-бап. Әскери полиция органдарының кадрлық құрамы Әскери полиция органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Әскери полиция органдарының кадрлық құрамы Әскери полиция органдары туралы Заңы 

      1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілерден жасақталады. 

      Қарулы Күштердің әскери полиция органдары азаматтық персоналмен (жұмыскерлермен) де жасақталады. 

      2. Әскери полиция органдарына әскери қызметке кіретін адамға қатысты лауазымға тағайындалар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы тексеру жүргізіледі. 

      Әскери полиция органдарына әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтар міндетті түрде арнаулы бастапқы оқудан және тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өтеді. Олардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын тиісінше Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды. 

      3. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және құрылымына әскери полиция органдары кіретін мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адамдар әскери полиция органдарына әскери қызметке қабылданбайды. 

      4. Бұрын әскери полиция органдарында әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда, басқа әскерлер мен әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарынан ауыстырылған, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінен Қарулы Күштердің әскери полиция органдарына ауыстырылған әскери қызметшілер Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында немесе оқу орталықтарында міндетті қайта даярлаудан өтеді. 

      5. Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарында қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуге құқылы. 

      6. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары азаматтық персоналының (жұмыскерлердің) еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі. 

 

      Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы