13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс мақсаты сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Республикасының мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты құптайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті:
1) мемлекетте сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;
2) Сурдлимпиадалық ойындарда және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
3) Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
5) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;
7) сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және лауазымдарынан босатылуын келісуді жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне тиесілі сурдлимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Сурдлимпиадалық ойындар" атауын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық сурдлимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.
Ескерту. 3-тарау 13-2-баппен толықтырылды - 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы