⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

       Ескерту. 12-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен отандық өндірісті қолдау және сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде: 

      1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушілерді тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміне ерікті түрде енгізу үшін өлшемшарттар әзірлейді; 

      2) уәкілетті ұйымдар ұсынатын, жыл сайынғы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және жоспарланып отырған сатып алу туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау және мониторинг жүргізу үшін жинауды, өңдеуді және қорытуды жүзеге асырады; 

      2-1) көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-1-бабында көзделген кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады, сондай-ақ олардың шарттарының орындалуын мониторингтеуді, мониторинг қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды жүзеге асырады; 

      3) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығын талдауды, оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығы мониторингінің ақпараттық талдамалық жүйесін құруды және жүргізуді жүзеге асырады; 

      4) сатып алу және елішілік құндылық үлесін арттыру саласында талдамалық зерттеулер жүргізеді; 

      5) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құруды, дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және оны қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекітеді. 

      2. Ұлттық палата жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық және аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігіндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы