⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы

12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы 

      1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына мыналар негіздер болып табылады: 

      1) бітімгершілік операцияның аяқталуы; 

      2) бітімгершілік операцияға қатысу мерзімінің аяқталуы; 

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі; 

      4) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға одан әрі қатысуы орынсыз болатын халықаралық әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты мерзімінен бұрын кері шақырту; 

      5) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) қақтығыстың шиеленісуі мен қарқындылығы күрт өршіген жағдайда шұғыл эвакуациялау; 

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер. 

      2. Ұлттық контингент бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) үшінші елдерге шұғыл эвакуацияланған жағдайда, ұлттық контингенттің Қазақстан Республикасына келген күні бітімгершілік операцияға қатысу аяқталды деп есептеледі. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы